Кітапхананың тифлокеңістігі қонақтарды қабылдады

Размер шрифта

IMG 1976Ақ таяқ апталығы шеңберінде жыл сайынғы Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға арналған «Саусақтарым – менің жанарым» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – көз мүгедектері арасында Брайль жүйесін насихаттау, оқу мен жазу техникасын дамыту.

Сайысқа ондаған жыл оқу өтілдері бар нағыз браилистер қатысты.

Толығырақ: Кітапхананың тифлокеңістігі қонақтарды қабылдады

Аңыздың ақыры

Размер шрифта

IMG 1574Кітапханамызда Арбатта басталған аңыздар тақырыбы жалғасуда. Бұл жолы кітапхана ауласындағы күркеде Брайль шрифтіндегі Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап біздің ерекше оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз.

Әуенді - әдеби композиция: «Жүректен жүрекке»

Размер шрифта

MyCollages2019 жылдың 15 қазаны күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Ақ таяқ күніне арналған «Жүректен жүрекке» атты әдеби-әуенді композиция өтті.

15 қазанда жыл сайын әлемде Халықаралық Ақ таяқ күні аталып өтіледі. Бұл күн зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға құрмет, көмек, мейірім көрсететін күн.

Толығырақ: Әуенді - әдеби композиция: «Жүректен жүрекке»

Жарық нұры

Размер шрифта

IMG 1884Ақ таяқ апталығы шеңберінде «Радуга» дауыстап оқу үйірмесінің мүшелері үшін В.С. Ворошиловтың 100 – жылдығына арналған «Жарық нұры» атты портрет кеші өтті. Оның өмірі мен шығармашылығы баяндалды. «Солнце продолжает светить», «И не погаснет», «Капля света» атты кітаптарына шолу жасалды.

 

Ақпарат +

Размер шрифта

IMG 1494Халықаралық Ақ таяқ апталығы Франциядан келген атақты дәрігер – остеопат Бруно Гаймен (Bruno Gay) кездесумен басталды. Ол Өскемен қаласындағы Доминик Трианның Халықаралық остеопат мектебінің өкілі.

Кітапхана оқырмарына заманауи медицина бағыты – остеопатия туралы ақпараттар берілді. Көру жүйесінің остеопатиялық емдеу әдістері мен принциптеріне ерекше назар аударылды.

Толығырақ: Ақпарат +