«Махаббат әлемде өмір сүреді…» Э. Хильдің 85 - жылдығына
Биыл қыркүйек айында Э. Хиль 85 – жылдығын тойлайды. Осыған орай кітапханада әуенді сағат өтті. Кешке қонақ ретінде «Үлбі» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының демалушылары қатысты. Жүргізуші әртістің қиындыққа толы балалық шағын, Ленинград консерваториясындағы оқу жылдарын баяндады. Баяндамаға Э. Хильдің ескі жазбалары мен бейне жылнамалары өң берді.
Өмірдің өзі бақыт.
Зағип жандарды бейімдеу құрылымында «Брайль жүйесінде оқу мен жазуға» ерекше көңіл бөлінеді. Брайль жүйесінде оқу мен жазудың сапасын арттыру үшін біз жылына екі рет оқырмандар арасында сайыс өткізіп тұрамыз.
Бұл сайыста Оралхан Бөкейдің «Әнгіме»,Шыңғыс Айтматовтың «Материнское поле», Рахим Эсеновтың «Легион обреченных», Федор Абрамовтың «Алька» кітаптары қолданылды.
Жол жүру ережесі барлығына бірдей
Автокөліктердің шамадан тыс көбеюі соңғы жылдары «ұлттық апатқа» айналды. Жол – көлік жарақаттарының барлығы адамдардың жол жүру ережесін сақтамағандығынан болады.
Осы өзекті тақырыпта «Салауатты өмір салты орталығының» маманы мен ШҚО ПД майоры, жергілікті полиция қызметі басқармасының бас инспекторы Е.С. Самарханов кітапхана оқырмандарымен әңгімелесті.
Көркейе бер, туған қалам
«Радуга» дауыстап оқу үйірмесінің оқырмандары үшін Өскемен қаласының299 жылдығына орай шара өтті. Тыңдаушыларға қала туралы тифлокомментарийлі бейне шолу ұсынылды. Қала көшелерінің тарихының баяндауы мен «Эрудит» викторинасы шараға ерекше әсер берді, оқырмандар туған қалаға деген ізгі тілектері мен құттықтауларын жолдады.
Үй абонементі
Біздің ерекше оқырмандарымызға арналған қызмет көрсету формасының бір түрі - көз мүгедектеріне үй абонементі қызметін көрсету. Біздің кітапханашыларымыз оқырмандардың үйлеріне дыбысты кітаптарды ғана жеткізіп қоймайды, сонымен қатар әр түрлі тақырыптағы баспасөз басылымдарындағы жаңалықтарды да таныстырып отырады.