Афоризмдер

Размер шрифта

Әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды.

Сағат Әшімбаев

Көркем әдебиет - ауыр артиллерия болса, публиңистика - жеңіл кавалерия.

Шерхан Мұртаза

Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз.

Олжас Сүлейменов

Мен әр халықтың ертегілерін оқуды ұнатамын: бұл ғажап ғадет - халықтар дүниетанымын ежелгі авторлар метафоралары арқылы тануға жатады.

Олжас Сүлейменов

Жазба әдебиет тілі - мемлекеттіліктің бірінші айырым белгісі.

Олжас Сүлейменов

Ғылымды көбінесе біліммен шатастырады. Бұл – үлкен ағаттық. Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс қолдана білу.

В.О. Ключевский

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. Ж.Баласағұн. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Сенека. Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді. Т.Фуллер. Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды. А.П.Чехов. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» Альберт Эйнштейн

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет". Шоқан Уәлиханов. Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. А.С. Макаренко «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" К.Д.Ушинский

 

Әл-Фарабиден қалған сөздер

1. Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.

2. Шыншылдық адалдықпен ағзалас.

3. Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

4. Тәрбиесіз алынған білім –адамзаттың қас жауы

5. Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.

6. Тағдырыңды еш уақытта жазғырма, Кезде дағы әзәзілдер азғырған.

7. Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

8. Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.

9. Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.

10. Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.

11. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.

12. Шын білім – ақиқат, анық білім.

13. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.

14. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

15. Мінез – жанның айнасы.

16. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.

17. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.

18. Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

19. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.

20. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

21. Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.

22. Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

23. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.

24. Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.

25. Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

26. Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.

 

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана»

Әбіш Кекілбаев

«ХХІ - ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана»

Нұрсұлтан Назарбаев

«Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды»

француз философы Дени Дидро

 

Қорқыттан қалған нақылдар:

1. Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті.

2. Өлгендер қайтып келмейді, Шыққан жан қайтып енбейді.

3. Қанша қалың жауғанмен, Қар көктемде қалмайды. Гүл жайнаған қалың да, Қара күзге қалмайды.

4. Құстың қонар жерін су білер, Малдың барар жерін ну білер.

5. Топырақ тау болмайды.

6. Ескі киімнің биті ащы, Жетім баланың тілі ащы.

7. Көк шүйгінін киік білер.

8. Бас аман болса бөрік табылады.

9. Дәулетті ұл – ошақтың қоры, Дәулетсіз ұл – атаның соры.

10. Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса.

11. Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың.

12. Тебегеннің таңын сүзеген айырады.

13. Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі, Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі, Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі.

14. Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда, Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.

15. Көп қорқытады, терең батырады.

16. Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе, Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.

17. Түбі жат бала туғандай болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес.

18. Тәкәппарлықты тәңірі де сүймес.

19. Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас. Күңге сары пәй шапан жапқанмен-бәйбіше болмас.

20. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман.

21. Ата даңқын шығарып,өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

22. Өтірік сөз-өрге баспайды

 

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі . Жүсіпбек Аймауытұлы Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың. Қадыр Мырза Әлі Ал екінші бақытым – тілім менің Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім… Мұқағали Мақатаев Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін! Ғабиден Мұстафин Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғабит Мүсірепов Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Мұхтар Әуезов Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… Жүсіпбек Аймауытов Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт. Халел Досмұхамедұлы Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ғабит Мүсірепов Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық міндң интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Мұхтар Әуезов Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет. Жалау Мыңбаев «Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі» С. Аманжолов “Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?” Мұхтар Әуезов Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір. Тоқсары Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүсіпбек Аймауытұлы Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Халел Досмұхаммедұлы Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік. Жүсіп Баласағұн Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл. Махмұд Қашқари Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл. Ахмет Йүгінеки Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе. Ыбырай Алтынсарин Шешеннің тілі

Шебердің бізі. Абай Құнанбайұлы Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Ахмет Байтұрсынұлы Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. “Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғандығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз” Ахмет Байтұрсынұлы Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ахмет Байтұрсынұлы Сүйемін туған тілді — анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін. Сұлтанмахмұт Торайғыров Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек. Сұлтанмахмұт Торайғыров “Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек”. Міржақып Дулатов “Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті”, “Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі”. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. Мағжан Жұмабаев Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі”. Жүсіпбек Аймауытов Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды… Сәкен Сейфуллин Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болады. Мұхтар Әуезов Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе. Сәбит Мұқанов Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені. Сәбит Мұқанов Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл… Бауыржан Момышұлы

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. Бауыржан Момышұлы Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. Бауыржан Момышұлы Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі. Бауыржан Момышұлы Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге белгісі. Бауыржан Момышұлы Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің. Қабдеш Жұмаділов Ана тілі Ананың құнар сүті ғой, Ғұмыр бойы сен еметін. Ана тілі Халқыңның ырыс-құты ғой, Игілігіңе кенелетін. Мұзафар Әлімбаев Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие Халық деген болады. Тек сондай халық қана есерін түзеп, еріне медет бола алады. Қорлана бермей, арлана білейік. Намыстың сөзін сөйлейік. Әбіш Кекілбаев Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы. Шыңғыс Айтматов Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисымын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң не бір алуан – шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте, тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне! … Осындай майса сұлу тілді қалай өгейсітуге болады. Нұртас Оңдасынов Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының , туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды. Шерхан Мұртаза Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. Нұрсұлтан Назарбаев