Добро пожаловать на vkosbnsg.kz   Нажмите, чтобы прослушать выделенный текст! Добро пожаловать на vkosbnsg.kz Powered By

Балаларды қорғау күні

Размер шрифта

Балаларды қорғау күні

nurgulkz1.06.20151-ші маусым күні «Ана мен бала» ауруханасының көз микрохирургиялық бөлімінде, ШҚО басқармасының облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітаханасының кітапханашылары Қонысбаева Н, және Нұрахметова Б, «Балаларды қорғау күні» мерекесіне балаларға арналған әдеби-мерекелік іс-шара өткізді. Балаларды мерекелерімен құттықтап, өлеңдер оқып, жұмбақтар жасырып, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Балаларға тосын сый «Электронды қазақ үймен» таныстырылды. Электронды қазақ үй – бабаларымыздың бізге жеткен бай рухани мұраларын бүгінгі және келешек ұрпаққа жаңаша үлгіде насихаттайтын заманауи тәрбие құралы.

Бұл киіз үйдің кішірейтілген нұсқасына баланы тәрбиелеуге қажетті ертегілер, ән-күйлер, бесік жырлары, терме-толғаулар, күйлер, Абайдың қара сөздері енгізілген. Балалар «Піл мен маймыл», «Жарқанат неге түнде ұшады?», «Бөдененің құйрығы неге келте?» ертегілерін қызықтап тыңдады. Балаларға арналған ертегі, журналдардан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік шараның соңында балаларға тәтті кәмпиттер, шар ойыншықтары үлестіріліп берілді. Балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, қуанып, шаттыққа бөленді. Мерекелік іс-шараға 22 бала қатысты. Қонысбаева Н. А.

Нажмите, чтобы прослушать выделенный текст! Powered By