Үлбідегі мереке

Размер шрифта

nurgul2.10.20172017 жылдың 2 қазаны күні «Үлбі» әлеуметтік бейімдеу орталығында «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың» арнаулы кітапханасының «Зағиптар қоғамының» мүшелерінен құралған өнерлі топ «Мейірімділік пен құрмет күні» тақырыбымен мерекелік концерт қойды.

Концертті осы жылы Алматы қаласында 21, 22 қыркүйекте өткен «Екі жұлдыз» фестивалінің лауреаты, III орын иегері Ишунин Денис «Беу айдай» халық әнімен ашып берді. Әншілеріміз патриоттық, лирикалық, эстрадалық әндерді орындауда өз өнерлерін паш етті. Биші қыздар шығыс биін биледі. Көрермендер шара соңында концерттен алған жақсы әсерлерін айтып, шексіз алғыстарын жаудырды.  

Қонысбаева Н.