Саусақтарым – менің жанарым

Размер шрифта

alla12.10.20172017 жылдың 12 қазаны күні Брайль жүйесін меңгерген зағип азаматтардың арасында «Саусақтарым – менің жанарым» атты сайыс өткізілді. Жалпы сайыс Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы  Әуезовтың туғанына 120 жылдығына арналып, оқу сайыстарында жазушының «Қаралы сұлу», «Красавица в трауре», «Сирота» шығармалары алынды.

Ал, жазу сайысында жазушының нақыл сөздері алынды.  Сайысқа қатысушылар брайль жүйесінде оқу мен жазудан уақытқа жарысты. Оқу бойынша қатысушылар 3 топқа бөлінді: 1 – ші топ бастаушы, 2 – ші топ жалғастырушы, 3-ші топ арнаулы оқу орындарын бітірген зағип жандар. Брайльды қазақ тілінде меңгерген азаматтар арасында жазу мен оқуда бірінші орынды Ишунин Денис алды. Бастаушы топта оқуда 1-ші орынды Сайбель В., 2 – ші жалғастырушы топта 1- ші орынды Катпаева З. жеңіп алды, ал 3-ші топтағы арнаулы оқу орындарында оқыған зағиптар арасындағы жарыста 1 –ші орынды Вовденко Г. иеленді.

Шараның соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылып, тәтті тағаммен шай берілді.

Р.Ә.Базарқұлова