Зағиптар шеберханасы

Размер шрифта

2017 жылдың 19 қазаны күні  «Ана мен бала орталығының» көз микрохирургиялық бөлімінде ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітаханасының кітапханашылары балаларға француз тифлопедагогы Валентин Гаюидің туған күні  қарсаңында «Зағиптар шеберханасы» атты тақырып бойынша әңгіме жүргізді.

            Балалар Гаюидің өмірімен еңбек жолымен танысты. Валентин Гаюи әлемдегі ең алғаш соқырлар мектебін ашқан, соқырлар қолдануға нүктелі-бедерлі таңбаның, жазуға арналған құралдың негізін салушы және бедерлі глобус пен бедерлі географиялық картаны ойлап тапқан.

            Балалар көңілді әрі қызықты оригами қағазбен жұмыс жасады. Нұсқауға қарап керемет жануарлардың пішіндерін өз қолдарымен жасап шықты. Кішкентай бүлдіршіндер жапырақтың кескін суреттерін түрлі-түсті қарандашпен бояп қана қоймай, қай ағаштың жапырағы екенін атап шықты.

             Ертегі, әдеби кітаптар мен балалар журналының көрмесі ұйымдастырылды.

Қонысбаева Н.А.