Абайдың баға жетпес мұрасы

Размер шрифта

12.08.2019Бүгін біздің кітапханамыздың фонотека бөлімінде шағын - киіз үйдің ашылу салтанаты болды. Шағын - киіз үй қазақи нақышпен безендірілеп және қазіргі заманауи жабдықтармен қамтамассыз етілген: ноутбуктар, дыбысты кітаптар, балалар мен ересектерге арналған музыкаларды іздеу караоке–рингі, интернетке шығуға мүмкіндік алады. Барлық ниет білдірушілер үшін ақпараттық орталық болады деп үміттенеміз.

Қазіргі кезде бұл қызмет өте қажет.
Кітапхана оқырмандары үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы дана Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай деректі драмасы» бейне фильмі тифлокомментарийсымен көрсетілді. Осы іс – шарада «Абайдың баға жетпес мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бедерлі–нүктелі әріппен басылып шыққан Абай Құнанбайұлының өлеңдер жинағынан оқуға үйрету бойынша мастер-классы өтті. Ұлы ақынының әндер мен өлеңдері оқылды.