«Сыйқырлы алты нүкте» Көрші кітапханаға саяхат

Размер шрифта

IMG 9871Сізге көршілес не орналасқан? Дүкен, дәріхана, шаштараз, бала - бақша…

Бүгінгі біздің қонақтарымыз Кітапханамен көршілес. Оның ішінде ерекше кітапхана - «Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасымен». Қонақ балалар «Сыйқырлы алты нүкте» атты саяхат турын тамашалады.

Балалар кітапхананың залдарын аралады, сан алуан кітаптармен танысты. Алғаш рет бедерлі – нүктелі кітаптармен танысты. Бұл көз кемістігі бар адамдар үшін нағыз сыйқырлы нүкте. Оқу залындағы кітап – журналдар, әдемі гүлдер ерекше назар аудартты. Кітапханалық тур балалар үшін ерекше танымды болды.