Бүкіл әлем бір сөреде

Размер шрифта

IMG 20190822 111253Біздің құрметті оқырмандарымыз және Өскемен қаласының тұрғындары ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматардың арнаулы кітапханасы сіздерге фонотека бөлімінде «Бүкіл әлем бір сөреде» атты дыбысты кітап көрмесін ұсынады. Бүгінде басылып шығып жатқан сан-алуан әдебиеттермен ешкімді таң қалдыра алмайсың. Алайда біздің кітапханада ерекше адамдарға арналған ерекше кітаптар бар. Оның ерекшелігі неде?

Ол зағип жандар өмірінде бүкіл әлемді алмастырады. Дискідегі мәтінмен қоса сапалы шыққан дыбыс шығармадағы оқиғаны елестетуге өз үлесін қосады.

Сөреге Қазақстандық және шет елдік ақын –жазушылардың, заманауи классиктердің өмірбаяндары, шығармалары психолгиялық тренингтер кітаптары және балалар мен мектеп оқушыларына арналған түрлі жанрдағы дыбысты кітаптар қойылған. Сіздерді кітапханада күтеміз!