Добро пожаловать на vkosbnsg.kz   Нажмите, чтобы прослушать выделенный текст! Добро пожаловать на vkosbnsg.kz Powered By

ПРОДЛИТЬ КНИГУ

logoc1
akzia

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Размер шрифта

knigodar

Шығыс Қазақстан зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы басталды. Бір ай көлемінде кітапханаға кітап сыйлауыңызға болады. Ол кез – келген әдебиет болуы мүмкін – балалар мен ересектерге арналған көркем әдебиеттер, энциклопедиялар, түрлі тақырыптағы кітаптар.

АҚШ балалар кітабы сайтының негізін қалаушы америкалық Эмми Бродмур мереке идеясының авторы. Эмми – үш баланың анасы. Одан бір күні ұлдарының бірі адамдар неге бір – біріне кітаптар сыйламайды деп сұрайды. Сол кезде Эмми осы мерекені ойлап табады. Әуелде ол балаларға кітап оқуды баулу үшін балаларға кітап сыйлау күнін ойласа, кейін әлеуметтік желіне миллиондаған адамдар қолдау тауып, Халықаралық кітап сыйлау күні мерекесі пайда болады (14 ақпан 2012 ж.). Себебі, балалар ғана емес, ересек адамдарға да кітапты сыйға алу қуанышты.

Бұл мереке кітапты сыйға алғысы және кітап сыйлағысы келетін адамдардың басын қосады. Оған әлемнің 30 астам елі қосылды, ішінде Қазақстан да бар.

Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты идеясы – технология ғасырында қағаз кітаптың құнды сыйлық екенін көрсету.

Кітапты Новаторлар көшесі 11/1 мекен – жайына әкелуіңізге болады.

ПОЛУЧИТЬ ИНФОРМАЦИЮ

ПРОДЛИТЬ КНИГУ

АБАЙ АФОРИЗМДЕРІ

abai

Зачем вы ходите в нашу библиотеку?

Нажмите, чтобы прослушать выделенный текст! Powered By