Творчество незрячих поэтов ВКО

Размер шрифта

Досанов Ғ.Д.

 

Досанов Ғазиз Досан ұлы 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Көз жанарынан балалық шағында айырылған. 1962 жылы Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағиптарға арналған мектепті аяқтап, Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің баян класына түседі. Училищені бітіргеннен кейін қызметін ауыл мұғалімі болудан бастады. Туған ауылы Қаратоғайға келіп, музыка мұғалімі қызметін атқарды. 1973-2001жж. Күршім аудандық балалар музыка мектебінде дәріс берді. Қазіргі уақытты Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында кітапханашы болып қызмет істейді. Зағиптар мен көзі нашар көретін оқырмандарға Брайль жүйесінде оқып, жазуға, Брайльдің нота жүйесі бойынша баян мен домбырада ойнауға үйретеді. Жергілікті бастауыш мекеменің зағиптар қоғамы ұйымының белсенді мүшесі, жанұяда екі ұл өсіріп отыр.

Ғазиз Досанов ең алғашқы әндерін мектеп қабырғасында жүргенде шығара бастады. «Аңсадым ғой өзіңді» деп аталатын бірінші әніне ол ән ғана шығарып қоймай, сөзін де өзі жазды. Ғазиз Досановтың 22 тарта әні бар. Оның ішінде алтауы Қазақ радиосының қорынан орын алған. Алматы және Өскемен қалаларындағы Республикалық және облыстық халық шығармашылығы үйі ұйымдастырған әуесқой композиторлар байқауында белсенді өнер көрсетті. Облыстық атқару комитетінің, облыстық комсомол комитетінің және облыстық кәсіподақ кеңесінің мақтау қағазымен марапатталған. 1999 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің халыққа білім беру үздігі белгісі берілген.

Ғазиз Досанов шығармашылығы лирикалық сарында болып келеді, оның туған жерге, отанға деген махаббаты «Күршім», «Туған жер» әндерінен айқын сезіледі. Сондай-ақ оның «Әке тілегі», «Ақ қайың», «Немере», «Гүлсің өзің», «Ана», «Сырымды айтсам», «Қара көздер», т.б. жұршылықтың көңілінен шыққан әндері бар.

  

 

Әке тілегі

Сөзі мен әні Ғ. Досанұлынікі

 

Көтеріңдер бірлесіп өмір жүгін,

Махаббаттың жинаңдар алау гүлін.

Достарың көп, кең болсын өрістерің,

Ақ ниетпен айтатын тілек бүгін.

Подробнее: Творчество незрячих поэтов ВКО